Жанар Байбек Астана қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Президентінің 2018 жылдың 9 қазанындағы № 768 қаулысында жазылған.
«Астана қалалық сотының төрағалығына Жанар Кенжеғарақызы Байбек тағайындалсын. Астана қаласының Есіл аудандық сотынының төрағалығынан босатылсын», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қалалық сотының төрағасы боп Ербол Рахымбеков тағайындалған еді.