Мәдениет & Шоубиз 13.10.2018 сағат 05:51  4477

Екінші күйеуімен қызыл кілемде қол ұстасып жүрген Дана Нұржігіт көптің ыстық ықыласына бөленді (ВИДЕО)

Былтыр ғана кәсіпкер азаматпен отбасын құрған танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт желіге екінші күйеуімен қызыл кілемді жүріп өткен видеосын жариялады.

Екінші күйеуімен қызыл кілемде қол ұстасып жүрген Дана Нұржігіт көптің ыстық ықыласына бөленді (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дана Нұржігіт іссапармен басқа қалаларға барса да жанынан жұбайын бір елі тастамайды. Бірге жүрген жерлерінен үнемі фото не видео жариялап отырады.

«Мұрат екеуіміз ғой. Қызыл кілемде қол ұстасып сол. Жараса ма?», - деп Дана жазылушыларының пікірін сұраған.

Желі қолданушылары олардың жарасымды жұп екендерін жазады.

«Бір-біріңізге ұқсайсыздар. Әрине жарасып тұрсыздар»,«Рерихтен қарағанда осы дұрыс. Жарасасыздар», «Керемет, Дана ханым. Сізді жақсы көремін», - деп жазды олар.

Айта кетейік, тележүргізушінің бірінші жолдасы Еуразия Медиафорумының экс-бас продюсері Рерих Владимир Ахмадьянұлы. Рерихтың Данаға дейінгі алғашқы некесінен бір қызы бар. Дана Рерихқа Әлім есімді ұл тауып берді. Алғашқы некесі ұзаққа созылмаған ол былтырғы жылдың жаз айында кәсіпкер Мұрат есімді азаматқа тұрмысқа шықты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар