$ 442.05  474.14  4.74

Тағы да Төреғали: Әнші кішкентай қызын көлік рөліне отырғызды (ВИДЕО)

Басы даудан арылмай жатып, қызын көлік рөліне отырғызған әнші Төреғали Төреәлі жұрттың тағы да сынына ұшырады.

Видеода Төреғали Төреәлі қызын көлік рөліне отырғызып, ауыл көшелерін аралап жүр. Бұны көрген көпшілік оның тағы да заң бұзғанын жазып жатыр.

«Тағы да Төреғали ме? Бұл өзі заңды белшеден басып жаман үйренді. Шара қолдансын бұған», «Масқара. Әбден есіріп кетті ғой», «Қызы өзінен аумайды екен», - деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, 14 қыркүйек күні Алматы-Гонконг рейсіне бала-шағасын шығарып салған Төреғали Төреәлі ұшақта шу шығарған болатын. Оны күту залына жіберген әуежай қызметкерлеріне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Әншінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, 1 мың АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе 1 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары