$ 486.44  534.31  5.06

Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов екінші сәбилерін күтіп жүр

Дәурен мен Ақботаның шаңырағында үйірілген қара бұлт сәт санап сейіліп келеді. Иә, біздің бағдарламаға эксклюзивті сұхбат берген Айдарқұлов пен Сейітмағамбет екінші сәбилерін күтіп жүргендерін жеткізді. Бірақ күні бүгінге дейін жұрттан сүйінші сұрауға асықпаған жұптың жүктілікті жасырудағы өзіндік себебі де бар көрінеді.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Баламыз болады енді бұйырса. Бірақ тіл-көзге сенетін қазақпыз ғой. Тіл-көзден аман болу үшін барынша жасырынамыз. Бірінші ұлыма аяғым ауыр болған кезде ауыр сөздер жазғандар болатын. Жүкті кезде баламды жоғалтып ала жаздадым да. Сондықтан да қазірде қорқамыз», – дейді Ақбота.

Бүгінде бұл жұптың ортақ некесінен Ибраһим есімді мұрагер өсіп келеді. Ал, Айдарқұловтың алғашқы отбасында қос қызы мен ізбасары бар. Десек те Дәурен ел демографиясына өлшеусіз үлес қосуды басты парызының бірі санайды.

«Жетеу деп айтқанмын өзімнің ниетімді. Ал ары қарай Алланың қалауымен. Негізі 5 бала. Бірақ Алланың бұйыртқаны болады. Қазір енді 4 бала ғой. Қазір төртеу жеткілікті», – дейді Айдарқұлов.

Ай-күні жақындаса да, Ақбота Сейітмағамбет декреттік демалысқа асығар емес.

«Негізі өнер адамдарында декреттік өмір деген жоқ. Көбінесе жүкті кезінде де, босанса да таңнан кешке дейін сол түсірілім алаңында жүреді. Барлығымыз сондаймыз. Менде енді декреттік өмір айтарлықтай жоқ. Босанатын кезде бір апта ғана демалмасам!» – дейді Ақбота-Нұр.

«Ақбота да шығармашылық адамы болғаннан кейін, үйде бірге ақылдасамыз. Осындай түсірілімді қалай түсірген дұрыс деп. Сол себепті Ақботаның декрет кезінде де түсірілімге қатысуы өте жиі болып тұрады», – дейді Дәурен Айдарқұлов.

Сүйінші хабардың ауылы да алыс емес! Жаңа жылда Айдарқұловтар шаңырағы сәбидің іңгәләған даусына бөленеді.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары