Мәдениет & Шоубиз 16.10.2018 сағат 10:15  557

Жаңа образдағы Анджелина Джолиді көпшілік танымай қалды

Танымал актриса Анджелина Джоли жаңа фильмдегі рөлі үшін сырт келбетін өзгертіп тастады. 43 жастағы актрисаның суретін түсірілім алаңындағы әріптесі Дэвид Ойелоуо Instagram желісіндегі парақшасында жариялады деп жазады Stan.kz.

Жаңа образдағы Анджелина Джолиді көпшілік танымай қалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дэвид Ойелоуо желідегі парақшасында фильмінің түсірілімінің соңғы күнінде түскен суретін жариялады. Белгілі болғандай, Джоли «Come Away» аталатын фантастикалық фильмге түсіп жатыр.

«Come Away» фильмінің түсірілім жұмыстары аяқталды. Ғажайыптар еліндегі Алиса мен Питер Пэн туралы ерекше оқиға туралы сіздермен бөлісер сәтті асыға күтудемін», – деп жазды Дэвид Ойелоуо өз жазбасында.

Суреттен Анджелина Джолидің шашын сары түске бояп тастағанын көруге болады.

Өз кезегінде желі қолданушылары шашының түсін өзгерткен актрисаны танымай қалды. Десе де көбісі оның суретте бақытты көрінетінін әрі жаңа шаш үлгісінің жарасатынын айтып жатыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар