$ 441.66  475.14  4.86

«Бозторғай» өлеңінің авторы Әбдірахман Асылбеков өмірден озды

Белгілі ақын, көптеген өлеңдердің авторы Әбдірахман Асылбеков 80 жасында өмірден озды.

«Бүгін ақын Әбдірахман Асылбеков ағамыз дүниеден өтті. Алла алдынан жарылқасын. «Бозторғаймен» көкке самғатқан ағамның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», – деп жазды Мейрамбек Беспаев желідегі парақшасында.

Танымал әнші дәл осы «Бозторғай» әнімен көпшілікке танымал болған.

Айта кетсек, Әбдірахман Асылбеков 1938 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданының Үшарал ауылында дүниеге келген.  Жоғары оқу орнының тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған. Облыстық газетте, республикалық Қазақ радиосында, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет жасаған. Сондай-ақ, балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Қаламгердің шығармашылығында сықақтар, мысалдар, ертегілер мен повестері де бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары