21.10.2018, 04:20

Қыдырәлі Болманов өзі туралы кітап жазып жатқанын және фильм түсіретінін айтты

Танымал қазақстандық әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов автобиографиялық кітап жазып жатқанын және оның негізінде деректі фильм түсірілетінін айтты деп жазады Sputniknews.kz.

Өз туындысында бес баланың әкесі 90-жылдарда қалай өмір сүргенін баяндамақ.

«Кітапта бұл жылдарда басымнан қандай оқиғалар өткенін баяндайтын боламын. Сондай-ақ, арнайы батальонде борышымды өтеп жүріп қандай қиындықтарға тап болғанымды және ол қиындықтардан қалай құтылып шыққанымды жазамын. Кітап желісі толықтай шынайы оқиғаларға негізделмек», — деп жоспарын бөлісті продюсер.

Болманов, мұнымен қатар, бұл кітапты өмірден өз орнын таба алмай жүрген 20 жастағы ұл-қыздар үшін жазып жатқанын айтып өтті.