«Қыз мұраты − кету» деген. Сол үшін де оқуын бітіріп, дипломын қолына алған кез келген бойжеткенге жақындары мен таныстары тездетіп тұрмыс құруға кеңес береді. Ал актриса Анар Батырханға тіпті желі қолданушылары да «кет-кеттеп» қоймайды екен.
Көпшілік өнер иесіне 30-ға дейін отырып қалмау керек екенін күнде ескертеді-міс. Алайда мұндай кеңестің түр түрі оның қытығына тиетін көрінеді.
«Instagram-да көп жазады «Байға тисейші. Сенің жасыңдағылар бала тауып, бала бағып жатыр. 3 бала бағып жатыр. Сен болсаң әлі жүрсің» деп. Бәрі уақытысымен. Сендердің не жұмыстарың ба?», - дейді ол НТК арнасынан шығатын «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.