$ 494.87  520.65  4.91

«Қызы ауырып қалған»: Төреғалидің ұшақта не үшін шу шығарғаны белгілі болды

Павлодардағы оқиғадан кейін басы даудан арылмай қойған Төреғали жақында тағы да бір рет елді шулатқан еді. Әнші Алматы-Гонконг бағытындағы ұшаққа билетсіз өтіп кетіп, рейсті жарты сағатқа кешіктірген. Нәтижесінде қылмыстық іс қозғалып, Төреғалидің өзі де, оны ұшаққа кіргізгендер де жазаланды деп жазады Stan.kz.

Алғашқыда Төреғалиді бір жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін делінгенімен, өнер иесі даулы оқиғадан 15 мың теңге көлемінде айыппұл төлеп құтылды. Төреғалидің анасы оқиғаның осылай болып аяқталатынын күтпедім деп отыр. Айтуынша, ол жерде ел дүрлігетіндей ештеңе болмаған. Ал Төреғали Төреәлі үлкен қызының ауырып қалғаны себепті тұңғышын қолына көтеріп, ұшаққа мінген. Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Бұл орайда Тоқтар Серіков перзентіне қорған болуға тырысқан Төреғалиді жақтап, оған түсіністікпен қарауға шақырды.

«Түймедей дүниені түйедей етіп жіберетін елміз ғой. Ештеңе қылмайды, кешіріммен қарау керек. Кісінің басы жарылған жоқ, біреудің жағасы жыртылған жоқ. Заңға нұқсан келтіретіндей үлкен дүние бүлдірген жоқ. Баласын кіргізіп салуға кірген азамат. Бәлкім бала келінге көнбеген шығар. Әкелік мейірімі жетелеп алып барды, шығып бара жатыр. Онда тұрған ештеңе жоқ шығар. Тіпті, дабыра қылмай-ақ сол жерде жабыла салатын дүние. Біз жария қып, соның артынан керемет сөз, өсек айтқанды жақсы көреміз. Бірімізге біріміз достықпен, мейіріммен қарауды, шынайы жақсылық жасауды ұмытып барамыз. Жылдан жылға адамдардың бір-біріне деген достығы саязданып бара жатыр.

Мен қазір түкіруге де қорқамын. Кейде жерге түкіргің келеді ғой. Маңайыма қарап аламын, соның өзін әбес көремін, соның өзін жазып, сызып жіберетін адамдар бар. Елден өтініп сұраймын, өнерде жүрген барлық әртістерді халық өзі шығарған. Өздігінен емес, халық таңдаған соң шықты. Солардың бәрі халықтың еркесі. Еркелегісі келеді. Соны көтере алмай қаламыз. Біреудің басына түкіріп не болмаса біреудің басын жарып жатқан жоқ қой. Бір еркелігі шығар. Көтере салу керек. Одан дүние қираған жоқ. Заңның да соған қаратылып жасалған тәсілдері бар.

Соған көмектесіп жіберген адамдар да жазаға тартылды деп жатыр. Ол өнерді сыйлағаны, Төреғалиді танып тұр. Одан басқа не айыбы бар?», – дейді Серіков Анна Данченкоға берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары