$ 489.06  536.21  5.05

«Батамды беремін»: Айқын Төлепберген болашақта қызы өзге ұлтқа тұрмысқа шықса, қарсы бола алмайтынын айтты

Айқын Төлепберген өзге ұлтқа «тиген» қаракөздерді көргенде қиналатынын айтады. Алайда әнші әркім жеке өміріне қатысты сұрақты өзі шешуі тиіс деген пікірде. Айтуынша, қандай жағдай болмасын, біреудің өміріне араласуға ешкімнің құқығы жоқ.

Бұл туралы ақпараттық агенттігі Hit-TV арнасы хабарлайды.

«Қазақ қыздары басқа ұлтқа тиіп жатса жүрегім ауырады. Өзіміз онсыз да азбыз, қазаққа тисе екен деп ойлайсың. Бірақ ол қыздың өміріне араласуға сенің құқығың жоқ. Мүмкін қазаққа тиген, болмаған шығар. Мүмкін басқа жағдайлар болған шығар. Егер басқа ұлтқа тиіп жатса, оған үйретудің керегі жоқ. Әркім өзі біледі», – дейді Айқын.

Әншінің айтуынша, өзгенің жетегінде кеткен қыздар, бірінші кезекте балаларын қазақ етіп тәрбиелеуі тиіс. Сонда кешіріммен қарауға болады, дейді ол.

«Ең бастысы, баласын қазақи тәрбиелесе болды. Осындай ұлы елден шықтың, тарихың бар деп үйрету керек. Ең жаманы, қазақтың қызы басқа ұлтқа тисе балалары басқа ұлттан болады. Орысқа тисең де, қытайға тисең де, балаңды қазақ қылу керек. Қытайдың не орыстың қазаққа тиіп, қазақ болып кеткенін көрмедім. Бірақ өзге ұлтқа тиіп, өзінің тілін, дінін ұмытып кеткен талай көріп жатырмыз. Негізі бірақ, өздері білсін. Басында қандай жағдай болды, ешкім білмейді. Бақытты болсын не болса да», – дейді Айқын.

Әнші болашақта өз қызы өзге ұлтқа тұрмысқа шығам деген жағдайда қарсы келе алмайтынын айтты.

«Әрине, басында қарсы боламын. Көремін. Егер шын мәнінде, әке, мен оны жақсы көремін, десе не істеймін? Ештеңе де істей алмаймын. Батамды беремін», – дейді ол.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары