Танымал актер Серік Шәріп әлем жұлдызы Анджелина Джолимен сүйісуді армандайды. Бұл туралы ол Ләйлә Сұлтанқызының «The Эфир» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
«Анджелина Джолидің ерні өте әдемі. Жігіттердің көбі армандаған шығар «Анджелинамен сүйіссем ғой» деп. Мен де армандадым. Актер емес, жігіт ретінде», - дейді Серік Шәріп.
Сондай-ақ ол Леонардо Ди Каприомен де жұмыс істеуді армандайтынын айтты.
Айта кетейік, Серік Шәріп «Той любой ценой» фильмі, «Аяулы арман» телехикаясында түрлі кейіпкерлерді сомдады. Жақында ғана көрерменге жол тартқан Ерке Есмаханның «Махаббат кафесі» туындысында басты рөлді ойнап шықты.