$ 494.87  520.65  4.91

«Махаббатқа сеніп өмір сүрдім»: Алмас Кішкенбаевтың бұрынғы әйелі қазіргі өмірін айтты

Белгілі әнші Алмас Кішкенбаевтың бұрынғы әйелі ажырасып кеткеннен кейінгі өмірі жайында айтты.

Айтуынша, ол осы уақытқа дейін махаббатқа сеніп өмір сүріпті. Ал қазір сол жоспарының күл-талқаны шыққан екен.

«Барлығы менің болашақ жоспарымды сұрайды. Өмірім бұрын және одан кейінгі болып екіге бөлінді. Бұрын мен үнемі армандап, махаббатқа сеніп, жоспар құрып өмір сүрдім. Болашаққа деген айқын мақсатым болды. Ал енді оның бірі де жоқ. Тағы да өмірден көңілім қала ма деп қорқамын. Ең дұрысы өмір ағысымен жүре берейін деп шештім. Дәл қазір осылай өмір сүрген ыңғайлы. Құдайға шүкір, қыздарым, әке-шешем аман. Сондықтан да басты көтеріп, алға қарай ұмтылу керек», – деп жазды Мөлдір Серікбаева өз Instagram-парақшасында.

Айта кетсек, Алмас Кішкенбаев та соңғы уақыттарда желідегі парақшасына көңілсіз жазбалар қалдырып жүрген болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары