$ 448.89  477.93  4.76

«Автоматпен қоршауға алған»: Әнші Серікбол Сайлаубектің басы дауға қалды

Әнші Серікбол Сайлаубек ән салып жатқан кезде автоматпен қоршауға алған күзет фирмасы қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты деп жазады ҚазАқпарат.

Қарулы күзет ортасында өнер көрсетіп тұрған әнші бейнеленген видео Сарығаш қаласында түсірілген. Алдын ала мәліметке сәйкес, ұйымдастырушылар мерекелік шараға күзет агенттігін тартқан. Қазіргі уақытта олардың қандай мақсатта ұстанғанын тексеріп, анықтап жатырмыз. Содан кейін олардың әрекетіне, сонымен қатар күзет фирмасы қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беретін боламыз», - деді Алмас Садубаев.

Автомат асынған күзетшілердің ортасында өнер көрсетіп тұрғаны таспаланған видеоны әнші Серікбол Сайлаубек Инстаграмдағы парақшасына жүктеген болатын. Онда әнші: «Білмеймін негізі тойға өзім барғам және өзім қайтқам. Юлдуз Усманова тойға келген. Бізге ондай бақыт қайдан», - деп жазған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары