23.11.2018, 10:15

Димаш Құдайберген «Әлем аруы-2018» байқауында ән шырқамақ

Күні кеше ғана Лондонда концерт берген танымал әнші Димаш Құдайберген «Әлем аруы-2018» байқауында ән шырқамақ. Бұл жаңалығымен әнші желідегі парақшасында бөлісті.

«8 желтоқсанда «Әлем аруы» байқауында қатысушыларды қолдап ән арнаймын. Көріскенше», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.Әнші байқауда «Ұмытылмас күн» әнін орындайтын болады.  Айта кетсек, бұл жолы «Әлем аруы» байқауында Қазақстанның намысын қарағандылық Екатерина Дворецкая қорғайды. «Әлем аруы-2018» байқауының финалы 8 желтоқсанда Қытайдың Санья қаласындағы Хайнань аралында өтеді