Минскідегі «Junior Eurovision» балалар ән байқауының финалы 25 қараша күні сағат 21:00-де өтеді. Техникалық себептерге байланысты «Балалар Евровидениесінің» тікелей эфирдегі көрсетілімі республикалық «Хабар 24» телеарнасына ауыстырылды.
Қазақ елі бұл өнер сайысына тұңғыш рет қатысып отыр. Байқауда еліміздің намысын Данэлия Тулешова қорғауда. Ол Ұлттық іріктеу конкурсының жеңімпазы.
Естеріңізге сала кетсек, телекөрермендердің дауыс беруі қарашаның 23-і мен 25-і аралығында junioreurovision.tv сайтында өтіп жатыр.