Небәрі 23 жасында жол апатынан қаза тапқан әнші Нәби Аймұратовтың жары Жазира тұрмысқа шықты. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі gashyktar_kaz тобында жарияланды.
Желі қолданушылары Жазираға ақ тілектерін жаудыруда. Бірі бақытты болсын деп жатса, кейбірі суреттегі арудың Нәбидің жары емес екенін жазған.
Нәби мен Жазира мектеп қабырғасынан бастап кездескен. Кейін екеуі шаңырақ көтереді. Алайда, олардың арасында бала болмаған.
Айта кетсек, Нәби Аймұратовтың әндері тыңдарманның жадында әлі де сақтаулы. Оның «Мектептегі махаббат», «Ақ шағала», «Гүлімсің», «Мүмкін емес» әндері әлі күнге дейін шырқалып келеді.