26.11.2018, 09:25

«Екі рет шок алған адаммын»: Қарақат Әбілдина өміріндегі жайсыз жайттар туралы

Танымал әнші Қарақат Әбілдина өміріндегі жайсыз күндері туралы айтты. Ол осы жылы аяқасты төбесінен жай түсірген екі оқиғаны бастан кешірген.

«Мен екі рет шок алған адаммын. Күтпеген жағдайдан төбемнен жәй түскендей болды. Мен сәуір айында туған күнімде сауапты іс жасайыншы деп ойладым. Яғни, қызымды дүниеге әкелер алдында тамаша бір кеш ұйымдастырып, медреседе құран оқытып, 40-қа жуық қыз-келіншектің басын қостым. Қарным шертиіп жүріп ұйымдастырған сол керемет кешімді «Қарақат мешітте кеш жасады» деп жын-ойнақ қылғандай етіп жаңалықтан көрсетті», – дейді Ләйлә Сұлтанқызының «THE Эфир» бағдарламасына берген сұхбатында.

Бұл бірінші – жағдай. Сондай-ақ, Қарақат өзін «Коттеджімді тартып алды» деп айыптаған белгілі қолөнерші Ырза Тұрсынзададан көңілі қалғанын айтты. Әншінің пайымынша, талай рет халықаралық марапаттарды иеленген Ырза Тұрсынзада Қарақат пен Қыдырәлі арқылы өзіне жарнама жасағысы келген екен. «Екінші рет шок алғаным, Риза апайдың болмаған нәрсені болды деп айтқаны. Менің тілімнен у тамған деген. Бірақ мен ол кісіге қай жерде қарсы келіппін? Қыдекең екеуінің ісіне араласпағанмын. Мені балағаттаған. Бірақ ол кісі қалай болғанда да өзіне жарнама жасағысы келген. Мен ешкімді арбап, алдаған емеспін. Ол кісіні бұдан кейін көрген жоқпын, көргім де келмейді», – дейді әнші. Қарақаттың айтуынша, Ырза Тұрсынзаданы сотқа беру туралы құжат қолдарында бар. Алайда, әнші бұл тақырыпты қайта қазбалап, дау шығарғысы келмейтінін жеткізді.