Атышулы блогер Айжан Байзақова босанғаннан кейінгі сезімімен бөлісті. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазған.
Айтуынша, ұлын дүниеге әкелетін күні кинотеатрға барған екен. Сөйтіп, жолда толғағы ұстап, таңғы сағат 08:00-де босанған. «Ұлымды кеудеме әкеп қойғанда бәрін ұмытып кеттім. Бақыттан жүрегім сыртқа шығып кете жаздады. Бұл сезімімді әлемдегі барлық әйелдерге жекізгім келеді. Екі сағат біз құшақтасып жаттық. Ұйқыны жақсы көретін едім, бірақ екі тәулік бойы көз ілмедім. Қыздар, біреу үшін емес, өздерің үшін болса да туып алыңдар. Аналық сезімін ешнәрсемен айырбастауға болмайды», – деп жазды Айжан Байзақова. Айта кетсек, атышулы блогер Айжан Байзақова Тұңғыш Президент күні дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелген болатын. Алайда, сәбидің әкесі туралы ол әлі күнге дейін тіс жарған емес.