15.12.2018, 05:36

Димаш Құдайберген Кремльде жеке концертін береді

Танымал әнші Димаш Құдайберген Кремльде жеке концертін бермек. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-парақшасында жазды.

«Мәскеу. Мемлекеттік Кремль сарайы. Ресейде 22 наурызда өтетін жеке концертімде кездескенше. Жақын күндері билеттер сатылымға түседі», – деп жазды әнші.

Мемлекеттік Кремль сарайының сайтындағы мәлімет бойынша, Димаштың концерті 22 наурызда Үлкен залда, сағат 19.00-де басталады.

Айта кетсек, Димаш Құдайбергеннің қараша айында Лондонда жеке концерті өткен болатын. Сондай-ақ, әнші алдағы жылы Американың төрінде ән шырқайтынын хабарлаған еді.