Түріктің танымал актері, әрі талай арудың арманы болған Бурак Өзчивит әйелі Фахрие Эвдженге 3 000 000 еуро тұратын үй сыйлады. Актриса жүктілігінің бесінші айында.
Түрік баслымдарының хабарлауынша ерлі-зайыптылар ұл бала күтіп отыр екен. Сондай-ақ, Фахриенің дүниеге егіз бала әкелетіні туралы ақпарат да тарап кеткен.
Бурак Өзчивит сәбиінің анасына неше түрлі сыйлықтар жасаудан жалықпаған. 3 000 000 еуроға Германиядан әйеліне оның ата-анасының үйіне жақын жерден зәулім үй әперді. Ол ғана емес, 1 000 000 түрік лирасы тұратын люкс-класс үлгідегі автокөлігін сыйға тартты.
Дереккөз: Newtimes.kz