18.12.2018, 11:44

Кремль сарайында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концертінің билеттері сатыла бастады

Мәскеуде Кремль сарайында жеке концертін өткізетін қазақтың танымал әншісі Димаш Құдайберген билеттердің сатыла бастағанын хабарлады.

Концерт наурыз айының 22-сінде болады.

«Билеттерді бүгінен бастап www.icetickets.ru сайтынан сатып алуға болады. 22 наурыз. Ресей. Мәскеу. Кремль сарайы», - деп жазды әнші Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында. 

Айта кетсек, Димаш Құдайберген Шанхайда өткен The Silk Road Cohesion Awards 2018 халықаралық кинофестивалінде жыл әншісі және «Жібек жолы мәдениетінің Елшісі» атанды.