$ 494.87  520.65  4.91

«Тойда да сәлем береді»: Бүркіт Аишаның жақсылы-жаманды қасиеттерін айтты

Танымал өнер жұлдызы Бүркіт келіншегі Аишаның үйдегі және түздегі қасиеттеріне тоқталды. Бұл туралы ол «Астана» телеарнасының журналисіне берген сұхбатында баяндады. 

Бүркіт Аишаны барынша қасынан қалдырмауға тырысатынын, бір-бірінің көңіліне қаяу түсірмейтіндей шешім қабылдайтынын айтады.  Себебі, «келіншегімнің сыйлайтындай-ақ қасиеті жетіп артылады» дейді ол. 

«Тойға шықса да сәлем береді. Нәзік бір мінезі бар. Сол үшін жақсы көріп қалдым ғой. Шатақ мінезі жоқ. Қазір ғой майысып отырғаны. Кейде салғыласатыны бар. Ер адаммен салғыспа деп айтамын. Тыңдайды», – деген Бүркіт келіншегі ашуланғанда бетінен сүйіп алатынын да жасырмады. 

Жас жұбайлар көбіне балаларының көңіл-күйі түседі деп ұрысқа бой алдыра бермейді екен.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары