Мәдениет & Шоубиз 02.01.2019 сағат 04:45  842

Меруерт Түсіпбаева 8 жыл отасқан күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты

Танымал эстрада әншісі Меруерт Түсіпбаева қазір жалғыз ұлын өзі тәрбиелеп жатыр. Бірақ баласының әкесі жайлы әңгімеден қашқақтайтын өнер жұлдызы NURTV.KZ-тің «Клип Show» бағдарламасына ашық сұхбат беріп, күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін баяндап берді. 

Меруерт Түсіпбаева 8 жыл отасқан күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Айтуынша, әншінің 2 бейнеклипіне де жолдасы түсіпті. 

«Ол кісі өзі түскісі, танымал болғысы келді. Менің екі бейнебаяныма жолдасым түсті. Бірақ 8 жылдан кейін біз ажырасып кеттік.

Менің ойымша, «Бақ пен тақты салмақ қана көтереді». Жай ғана қарапайым студент болдық. Бірақ менің басыма танымалдық тарс етіп түскенде, оны жолдасым көтере алмады.

8 жыл тұрғаннан кейін мен ажырасуға бел будым. Алдағы өмірімді Болатпен (ред: бұрынғы күйеуі) елестете алмадым. Өйткені, менің ер адамға қоятын талаптарым болатын. Бірақ ол сол талаптарға сай бола алмады», – дейді Түсіпбаева.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар