Мәдениет & Шоубиз 10.01.2019 сағат 09:51  325

«Өте ашық түрде өтті»: Кәмшат Жолдыбаева клипте қырғыз әншісімен қалай сүйіскенін айтты

Белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаева «Тыңда мені» әнінің бейнебаянында қырғыз әншісі Мирбек Атабековпен қалай сүйіскені туралы айтты. Алайда, сол кездері клипте үйленген еркекпен сүйіскен Кәмшатты көпшілік сынға алған болатын.

«Өте ашық түрде өтті»: Кәмшат Жолдыбаева клипте қырғыз әншісімен қалай сүйіскенін айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Махаббат сахналарын түсірген кезде бізде бәрі өте ашық түрде өтті. Ешкімнен тығылған да жоқпыз. Мейирим де (қырғыз әншісі Мирбектің жұбайы ред.) қасымызда болды. Менің де жақындарым болды. Біз бұған кәсіби тұрғыдан қараймыз. Бұл – біздің жұмысымыз, мамандығымыз», – деді «Түнгі студия» бағдарламасына қонаққа келген Кәмшат Жолдыбаева.

Сонымен қатар бағдарламаға қырғыз әншісі Мирбек Атабеков те келген. Оның айтуынша, бейнебаян түсіру кезінде әйелі оған қолдауын білдіріпті.  

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар