13.01.2019, 03:58

«Ағам болғаны үшін бақыттымын»: Сары Әулиемен суретке түскен Жанар Айжанованың қызын жұрт жақтырмай қалды

Халық арасында Сары әулие атымен танылған Марат қажы Есенбаевпен бірге суретке түскен Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Айдарбекованы көпшілік жақтармай қалды. Сөйтсе, Сары Әулие әншінің туысы болып шықты.

«Айжұлдызым нағашы ағасымен», - деп жазып Жанар Айжанова емшімен қызының бірге түскен суретін желідегі парақшасына жариялаған.

Алайда, атышулы Сары әулиенің танымал әншінің туысы болып шыққанына жұрт таңғалды. Тіпті олар оған байланысты жағымсыз пікірлер жаза бастады.

Бірі Марат қажы Есенбаевтың Жанар Айжановаға қай жағынан туыс екенін білмей жатса, енді бірі бұның қара пияр екенін айтуда.

Дегенмен Айжұлдыз ағасының жақсы адам екенін алға тартып, ол туралы тараған жағымсыз әңгімелерге ешкімді сенбеуге шақырды.