$ 446.49  475.38  4.79

«Алғыс айтамын»: Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне үндеу жасады

Танымал әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерінің өзіне деген сүйіспеншілігі үшін алғысын білдірді. Ол Ranker.com сайтында жарияланған барлық уақыттағы үздік әншілердің рейтингісінен шығып қалған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Димаштың жанкүйерлері аталған рейтингтегі дауыс берудің дұрыс жүргізілмегенін айтып наразылық білдірген еді.

«Құрметті достар! Америкалық сайттардың бірінде сауалнама жүргізілген екен. Ол жерде менің де есімім көрсетілгені жайлы білдім. Маған берген дауыстарыңызға және қолдауларыңызға алғыс айтамын. Бірақ бұл сайттағы дауыс берудің басқа байқауларға, атақтарыма немесе телевизиялық жобаларыма қатысы жоқ. Бұл жай ғана интернет сауалнама. Барлық жанкүйеріме алғыс айтамын. Сүйіспеншіліктеріңіз үшін рақмет. Шығармашылығымды сүйетін жанкүйерлерімнің болғаны мен үшін құрмет! Мен сіздердің жанкүйеріңізбін! Сіздерді жақсы көремін!», – деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары