Атышулы Айжан Байзақова сәбиінің Құран әуені арқылы ұйықтайтынын айтып, жұртты таңғалдырды. Айтуынша, діни әуендерді тыңдаған уақытта ұлы шырт ұйқыға кетеді екен.
«Маған егер бала сағат 01:20 - да оянып кетсе, «ұлыңа сүре қойып бер» деп айтқан. Сүрені қосып көріп едім, ұлымның ұйқысы жақсы болды.
Түнде қарны ашып, мазасызданып оянып кететін. Бірақ сүре қосып едім, әлі ұйықтап жатыр. Бұл сәйкестік пе, әлде сүрелер расымен әсер ете ме? Білмеймін.
Егер ұлым таңғы сағат алтыға дейін осылай ұйықтайтын болса, онда күнде сүре қосып қоямын. Мен өзім дінге сенбейтін адаммын. Оған қарсылығымым да жоқ. Бірақ ұлымның сүре тыңдап ұйықтағаны өте қызық», - дейді Байзақова Instagram-парақшасында.
Бұл ретте желі қолданушылары мұны жақсылыққа балап, оның болашақта иманды азамат болып өсетінін жазды.