Эстрада әншісі Роза Әлқожа «Неге дене бітіміңізді қалыпқа келтірмейсіз?» деп өзіне жиі қойылатын сұраққа жауап берді. Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазған жазбасында ол салмақ тастаудың әдіс-тәсілдерін енді қолдана бастағанын айтады.
Әнші бүгінге дейін бала тәрбиесі мен жұмысты қатар алып жүремін деп өзіне көңіл бөле алмағынын айтады.
«Маған көбіне «арықта» деген пікірлер жазылады. Бойым 1 метр 61 сантиметр болғандықтан салмағым да соған сәйкес болуы керек негізі. Жақында бір журналист сұхбат алды. Төрт сұрағы толықтыққа байланысты екен. Күлдім де жауап бердім.
Соңғы он бес күнде 8 келі салмақ тастадым. Алда тағы біраз салмақ тастау ойда бар. Кем дегенде тағы 7 келі. Бұған дейін 75 келі салмақтан төмен тастай алмай жүрдім.
Енді көреміз. Алда нәтиже болу үшін де арнайы жазып отырмын. Жеңісті бірге көреміз! Жалмауыз да бір кездері қыз болған», - деп жазған әнші.