$ 494.87  520.65  4.91

Әріптестері Гауһар Әлімбековаға ақша жинап бермек

30 қаңтар күні «Алаяқтығы» үшін 6 жылға сотталған әнші Гауһар Әлімбековаға әріптестері қолдау көрсетіп жатыр. Мейрамбек Беспаев бастаған өнер иелері 2 қаңтардан бастап арнайы ашылған шотқа қаржы салмақ. Бұл туралы танымал тележүргізуші Бибігүл Дәулетбек өзінің әлеуметтеік желідегі парақашсына жазды. 

Күні кеше ғана отандық телеарнадан бір топ әнші Әлімбекованы қолдайтындарын айтып, сотқа шағымданатындарын жеткізген. Бүгін олар жәбірленушінің ақшасын қайтару үшін арнайы жиналыпты.

«Бүгін Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Ерғали Әбдірайымов, Сержанәлі Әлібек, Ақбота Керімбекова бастаған әншілермен кездестік. Барлығымыз тығырықтан шығатын жол іздедік.

Адвокаттарға шығып, алдағы 3 айдың ішінде Гауһардың ісін қайта қолға алуға болатынын естіп, қатты қуанып кеттік. Үкім әлі күшіне енген жоқ. Қазір сүйікті әншіміз төрт қабырғаның ішінде қамауда отыр. Қабырғамыз қайысса да, оны суық жерден шығара алмаймыз. Дәрменсізбіз.

Сондықтан да, сіз бен біз боп ат салысып, жұмылған жұдырықтай бірігіп, Гауһарды бостандыққа шығуды ойлайық. Ол үшін қаражат жинаймыз. Әншілер өзара жинап та жатыр. Уақыт тездетуді талап етеді», – деген ол 2 қаңтар күні Әлімбекова арнайы шот ашылатынын хабарлады.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гаухар Әлімбекованың ҚР ҚК-нің«Алаяқтық» бабымен кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айрылғаны белгілі болды. Әншімен бірге дәл сол баппен Фируза Ордабаева есімді келіншек те сотталды. 

Әнші сот отырысында көз жасына ерік берді. Ол сот шешіміне келіспейтінін айтты.

Ал күні кеше Әлімбекованың елбасыдан араша сұрап, хат жазғаны белгілі болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары