Соңғы кездері отандық киноиндустрияда неше түрлі фильмдер пайда болып, кинотеатрларға қазақтілді көрермендер көптеп ағылатын болған. Әйткенмен көрермендер отандық картиналардан шетелдік фильмдерге ұқсас дүниені көптеп кездестіреді. Отандық «Келинка тоже человек» фильмі ресейлік «Любовь-морковьті» еске салса, экс Есентаеваның «Осторожно, корова» фильмі көп елдерде таспаланған.
Ал Тұрсынбек Қабатов плагиат жолымен болса да, қазақ киносының дамып жатқанына қуанады. Бұл туралы Stan.kz 7-арнаның «Өз ойым» бағдарламасына сілтеп хабарлайды.
«Плагиатты тек ән мен кинодан ғана байқаймыз. Салынып жатқан үйдің өзі де плагиат. Көптеген жобалар да, мемлекеттік идеялар да плагиат. Ең бастысы, осыдан 5 жыл бұрын кинотеатрға келген кезде қазақтың киносы жай ғана бір жерде әйтеуір бар-жоғын білмейміз, өтірік тұратын, түскі сағат 3-те, таңертең 11-де деген сияқты. Келесі жылдан бастап қазақ тілінде неше түрлі кинолар шығады.
Ертең 10 жылдан кейін басқа ұлттың киносын көре алмайтындай, тек қазақ тілінде қазақстандық режиссерлердің киносын көретін боламыз. Жалғыз Қазақстан емес, көршілес ТМД елдеріне, шетелге де кететін жағдайға жетеміз. Әр нәрсе плагиаттан басталады», – деп әріптестерін ақтап алуға тырысты Тұрсынбек.
Айта кетейік, жақында ғана «Музарт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по казахски в Африке» фильмін сынға алып, кинодан ұялып шыққанын айтқан еді.