Өзінен бірнеше жас кіші жігітке тұрмысқа шығып алған танымал сазгер Құрманай Бақтиярқызы плагиат әндерге де сөз жазатынын мойындады.
Ақын үшін әннің қайдан келгені маңызды емес. Бастысы – қаламақсысы төленсе болғаны.
«Менің ең алғаш атым «Толғанай» әнімен шықты. Ол да орыстың әні. Ән көңілге ұнаса, біз қазақшасын тігісін жатқызып жазамыз. Қай әннің кімнің бағын жағатыны біздің қолда емес», – дейді Құрманай Бақтиярқызы.
Сондай-ақ ақын өлеңін жазбас бұрын әннің музыкасын тыңдап шығады екен. Тақырыпты сол әннің табиғатына қарай қойып, сөзін де соған ыңғайлап жазады.
«Маған адам келіп тұрса, ән ұнаса, «Сен плагиат айтайын деп жатырсың ба?» деп несіне тәлпіштенемін? Ол маған ақша төлейін деп жатыр ғой. Ақша төлейді деп, нашар сөзді де жаза салмаймын. Ізденемін. Дұрыс дүниені өмірге алып келуге тырысамын», – дейді ол 7-арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында.