Мәдениет & Шоубиз 13.02.2019 сағат 10:42  485

Бақытбек Есентаевтың қарындасы ұзатылды (ВИДЕО)

Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева қызы Әйгерімді қазақы дәстүрмен шығарып салды. Қуанышты дастархандағы сәтін Есентаева Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті. 

Бақытбек Есентаевтың қарындасы ұзатылды (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Жүрегімнің ішіндегі жүрегімді аманат етіп, үзіп бердім. Тамырын тереңге жайған, текті әулетке жібердім. Барған жеріңді бақытты ет, жарығым! Сол әулеттің дана келіні болуды тілеймін! Балам Артур екеуің бірге қартайыңдар», - деп жазды Нағима Есентаева.

28 жастағы Әйгерім Қалиеваны той ұйымдастырушылары ақ қанатты періште бейнесіндегі кастюммен шығарып салды. Дәстүрге сай сынсу да айтылды. 

Айта кетейік, тойда Бақытбек Есентаевтың қос қызы Айару мен Айсәуле көрінбеді. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар