$ 494.87  520.65  4.91

Анасының аяғын сүйген «Жігіттер» квартетінің әншісі жұртты еріксіз жылатты (ВИДЕО)

«Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев анасының аяғын  сүйіп, оған құрмет көрсетті. Осынау сәтте түсірілген видеоны өнер иесі İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. 

Кадрда Қанаев балаларымен бірге анасының аяғын жуып жатыр. Бұны әнші өз туған күнінде шешесіне көрсеткен құрметі деп біледі. 

«Бүгін, «Дүние есігін аштым» деп қуанып жатырмыз ғой, туған күнім деп. Бірақ, өздігімнен келе салмаппын бұл өмірге. Раббым, Анашым Жаннатымды себепші етіп, дүниеге келуімді осы бір кішкентай жан арқылы қалаған екен. Бұл жан мені 9 ай 10 күн қиналып көтерді. Одан кейін 2 жыл емізді. Жыласам бірге жылады. Күлсем балаша қуанды», - деп жазды ол.

Анасының аяғы мен маңдайын сүйген Ердостың бұл әрекетіне желідегілер еріксіз жылап, түрлі пікір жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары