$ 494.87  520.65  4.91

«Арамызда келіспеушіліктер болып қалды»: Балғынбек Имаш Жүрсін Ерманмен арақатынасы туралы шындықты айтты

Танымал айтыскер-ақын Балғынбек Имаш Жүрсін Ерманмен қазіргі кездегі арақатынасы туралы айтып берді.

Бір кездері «Нұр Отан» партиясының айтысына қатысқаны үшін оған Жүрсін Ерман қырың қарап қалған екен. Ол ғана емес, оның өзіне қатысты «Балғынбек дінге кіріп кетті» деген сөздері де тегін еместігін айтты.

«Біздің арамызда рас, келіспеушіліктер болып қалды. Бірақ бір мәселе бойынша дауласып, ренжіскен емеспін. Бірнеше жылдан бері айтыстан кетемін деп, кете алмай жүрмін. Соған байланысты бір кездері Жүрсін аға «Балғынбек дінге кіріп кетіп, айтысты харам деп айтысқа шықпай жүр» деген сұхбат бере бастады. Бұл мені айтысқа қайта тартуы шығар. Жүрсін ағамыз бізді өз баласындай көреді. Негізінде барлық ақынның басын қосып, айтыс ұйымдастыру үлкен жұмыс. Жүрсін сияқты айтыс ешкім ұйымдастыра алмайды. Ол кісіні еш жерде жамандаған емеспін. Оған қақым да жоқ. Ол кісі біздің әкеміз сияқты. Біз туралы қалай айтса да жарасады», - дейді Ләйлә Сұлтанқызының «The Эфир» бағдарламасына берген сұхбатында Балғынбек Имаш.

Сондай-ақ, ақын қазіргі айтыс туралы сыни көзқарастарын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары