Белгілі әнші Қайрат Нұртастың анасы, әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова «Қайрат 180-200 мың теңгеге түскі ас іше ма?» деп сұрағандарға жауап берді.
Осыдан бірнеше күн бұрын Қайрат Нұртастың түскі асының өзіне 200 мың теңге кететіні туралы ақпарат тараған болатын. Соған байланысты продюсер өзінің сөзін бұрмалағанын айтып, ренжіді.
«Менің парақшама, әпке Қайраттың «180-200 мыңға түскі ас ішетіні қаншалықты шындық деп сұрақ қойылып жатқанына қарағанда, азғырушылар жұртты екі ойлы етіп тастаған сияқты. Тойға барғанымда журналистер бір емес бірнешеуі өтініш жасап сұрақты жаудырды рас. Біреуінің сұрағы: «Қайраттың табысы қанша және 30 пайызын өзі алатыны рас па?», -деп сұрады. Білгендей «Сендерге сұxбат бергім келмейді, жартысын кесіп тастап кінәлі етіп бірақ шығарасындар» деп айтып өттім. Сол сөзді естіген соң, мұншалықты іс жасамас деген ой болып, көкірек кермей сұрақтарына жауап бердім», - дейді ренішін білдірген Қайраттың анасы.
Сонымен қатар, ұлының табысын өзі пайдаланып отырмағанын да айтып, Қайрат танымал адам болған соң да түскі асын тек мейрамханада ішетінін жеткізді.
«Қайраттың да берері бар адамдары көп, тамағының өзін жәй асxанадан танымал болғандықтан іше алмайды, мейрамxаналар қымбат білесіздер. Кей кездері балалармен түскі астың өзіне 180-200 мың тенге кетіп қалуы мүмкін дегенмін. МЕН КҮНДЕ ТҮСКІ АС ішуіне бір өзіне 200 мың теңге кетеді дегенім жоқ», - деп жазды продюсер өзінің Instagram-парақшасында.