Мәдениет & Шоубиз 03.03.2019 сағат 06:30  476

Баян Алагөзова қызы Айсәулені ұзатты (ВИДЕО)

Танымал продюсер Баян Алагөзова 2 ақпан күні қызы Айсәуле Бақытбекті ұзатты. Тойға әдеттегідей екі әулеттің ағайын-туыстары мен дос-жарандары жиналды. 

Айсәуле тойxанаға француз стиліндегі көйлекпен кірді. Қалындығын күтіп алған күйеу бала оған гүл сыйлап, қос ғашық "маxаббат вальсіне" биледі. 

Тойға Баянның жан құрбысы Мадина Балғабаева келді. Сондай-ақ Аша Матай, Мұxит Сапарбаев секілді шоу-бизнес өкілдері қатысқан қуанышты жиынды Тұрсынбек Қабатов жүргізді. 

Айсәулені Аша Матайдың анасы "Ұзату" әнімен  шығарып салды. Қыздың үйінде қонақ болған күйеу балаға балдыздары қазақы салт бойынша би билетіп, өз талаптарын қойды. 

Үлкен тойдың әзірге қашан және қайда өтетіні белгісіз. 

Баян Алагөзова қызы Айсәулені ұзатты (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар