Танымал әнші Димаш Құдайбергенді Мәскеу халқы әуежайдан зор ықыласпен қарсы алды. 22 және 23 наурызда әнші Кремль сарайы сахнасында өнер көрсетуді жоспарлаған болатын.
«Мәскеуге ұшып келдік. Кремль ұлттық сарайында 22 және 23 наурызда көріскенше. Қымбаттыларым, жылы лебіздеріңізге рахмет!», - деп жазды Instagram парақшасында әнші.
Димаш жанкүйерлерімен бірге суретке түсіп, оларға қолтаңба берді. Мәскеу халқына алғысын білдіріп, олардың сенімін өнері арқылы ақтайтынын айтты.