Мәдениет & Шоубиз 24.03.2019 сағат 03:43

Төреғали Төреәлі ұшаққа тыйым салынған зат алып өтті

Әнші Төреғали Төреәлі ұшаққа тыйым салынған зат алып өткен. Бұл туралы ол өзінің желі парақшасында жазып, кінәсін мойындады.

Төреғали Төреәлі ұшаққа тыйым салынған зат алып өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қысқасы, қолымдағы жасыл пакеттің ішінде ақ пакет, ақ пакеттің ішінде көк пакет көк пакеттің ішінде қымыз бар. Өскемендік өскелең жұрт сый қып бергесін, тастап кете алмадым. Негізі өткізбейтін еді, ешкімге айтып қоймаңыздар. Өзі айтып қойды ғой десе де, мойындамаңыздар! Қымыз аспанда атылған жоқ уайымдамаңыздар», - деп жазды әнші өзінің Instagram-парақшасында.

Желі оқырмандары Төреғалидің бұл заңсыз әрекеті үшін сынға алып, сөгіп тастады. Ал кейбіреулері болса, оның бұл қылығын күлкіге айналдырған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар