Мәдениет & Шоубиз 03.04.2019 сағат 03:22  362

Оператордың Димашты «ешкі» деп атаған cәті видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

«Бірінші арнадағы» «Не? Қайда? Қашан?» бағдарламасын түсіру кезінде телеоператорлардың бірі танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге тіл тигізгені видеоға түсіп қалған деп жазады Sputniknews.kz.

Оператордың Димашты «ешкі» деп атаған cәті видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Димаш танымал ойынның қатысушыларына арнап өзінің Mademoiselle Hyde әнін орындайды, оны композитор әрі продюсер Игорь Крутой роялмен сүйемелдейді. Осы кезде режиссер Саня деп атаған операторлардың бірі рациямен «Мына ешкі оған көлеңкесін түсіріп тұр» дейді (жазбаның 35-секунды).

Жұмыс процесіндегі осы дөкір сөзді естіген әншінің жанкүйерлері бұл сөз Игорь Крутойға көлеңкесін түсірген Димашқа қарата айтылды деп шулап жатыр.

«Көңілім жайланар емес. Ол бағдарламаны қайталап көрдім. Иә, Димаштың көлеңкесі Игорьге түсіп тұр. Арнаға хат жіберу керек. Оператор бұл сөзі үшін жауап берсін», - деп жазды Gulnar B2 деген қолданушы.

«Әрине, бәрі жақсы өтті. Бірақ Димашты ешкі деуге бола ма? Қызметкерлеріңізді тәрибиелеңіздер. Сіздер миллиондаған адамның кумирін түсіріп жатырсыздар», - дейді Санкт-Петербург тұрғыны.

«Ешкі дегендеріңіз үшін жауап берулеріңіз керек!!! Біздің кумирге тіл тигізу шектен шыққандық !!!» – деп ашуланды желі қолданушысы Раушан Наханова.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар