Отандық өнер иелерінің көбісі көршілес елдердің әндерін қазақшалап алатыны белгілі. Алайда бұл ісін бірі жасырса, екіншісі көпшілікке ашып айтады. Шоу-бизнес өкілдерінің бірі Абай Бегей «КТК» арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында қырғыздардан ән ұрлағанын мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші «Сен ғана» деген әнін 5-6 жыл бұрын қырғыз елінен алғанын жасырмады.
«Сен ғана» деген әнімді қазір Серікбол Сайлаубек орындап жүр. «Ой жеңгем» деген ән. Негізі бұл әнді мен қателеспесем, 5-6 жыл бұрын алғанмын. Қырғыз елінің әні.
Шыны керек, басында ұрлап алдық қой. Ол кезде білмеймін. Бірақ білгеннен кейін де, мен айта кетейін, авторлық құқық жұмыс жасап, біреуді соттап жатқанын көрмедік.
Менің «Аспанға қараймын» әнімді афро-американдықтар айтты. Оны тоқтатамыз деп құжаттарын дайындадық. Бірақ оларды тоқтата алмады. Әлі күнге дейін тойларда сол әнді орындап жүр.
Мен бұл әнді орындадым. Бірақ бейнебаян түсірмедім. Өзімнің «Сен ғана» деген ән кешімді де беріп жүрдім. Батыс жаққа барсақ, маған «Серікбол сіздің әніңізді айтып жүр ғой» деп айтады.
Бұл ән негізі қырғыздардыкі. Мәтіні, сөзі басқа. Бұл әнді басқа біреу де айта береді. Өйткені авторы басқа. Өзіміздің ағайындармыз ғой. Анау-мынау болса, моншаға шақырып жіберуге болады», - деді Абай Бегей.
Сондай-ақ, әнші өзінің әнін рұқсатсыз орындап жүрген афро-американдықтармен күресе алмай әуре-сарсаңға түскенін де жеткізді.
«Мен орындаушы ретінде, «Аспанға қараймынның» авторы қызылордалық Дәуір Сағындықов бар, авторлық құқыққа хабарластым. Маған «Олар енді бұл әнді айта алмайды. Екінші рет айтса, осындай айыппұл салынады. Ал үшінші рет айтса, еліне қайтарылады» деді. Оларға рұқсат бергім келмеді. Сөйттік те біздер ештеңе істей алған жоқпыз», - дейді Абай Бегей.
Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегейдің әндерін біздің «Музыка Нур» қосымшасынан тыңдай аласыздар.