"Бұрынғы әйелін тастамасын". Эстрада әншісі Тоқтар Серіков екінші әйел алатындарға кеңес берді. Өнер иесі балалардың көз жасына қалмай-ақ отбасылық өмірді тәтті қылуға болатынын айтты.
"Екінші әйел алса біріншісін, үшінші әйел алса екіншісін тастамау керек. Сосын қыздары мен балаларын жылатқан адам өмірде оңбайды", - деді әнші "7-арнаға" берген сұxбатында.
Сондай-ақ ол келіншегі Бейбіт Сейдуалиева жайлы да айта кетті. Жұбайы әншінің сүйікті асын дайындап, әйелдік қызметін жақсы атқарады екен.