Мәдениет & Шоубиз 22.04.2019 сағат 10:18  379

«Арамызға түсті»: Әлімбекова басына іс түскенде сүйіктісі тастап кеткенін айтты (ВИДЕО)

Ләйлә Сұлтанқызының «The Эфир» бағдарламасында қонақ болып, сұхбат берген әнші, сазгер Гаухар Әлімбекова сүйген азаматына қатысты  шындықты жасырмай айтты.  Басына түскен соңғы оқиға кезінде қолдаушылары арасында болып, демеу көрсетпеген азаматы мен Гаухардың арасына түскендер оларды ақыры ажыратып тынған секілді.

«Арамызға түсті»: Әлімбекова басына іс түскенде сүйіктісі тастап кеткенін айтты (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Мұңымды тыңдайтын адам бар еді. Бірақ басыма түскен соңғы оқиға кезінде қасымда болмады. Мен оны ешқашан ренжіткен емеспін. Қолымнан келгенше жақсы көрдім. Бар махаббатымды арнадым. Ол да мені жақсы көрді, әлі де жақсы көреді деп ойлаймын. Ешқашан ұрысқан жоқпыз, ренжіскен емеспіз. Белгісіз жағдайлармен екеумізді біреулер ажыратып жіберді»,  – дейді әнші. 

Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 2019 жылдың 30 қаңтарында алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Көп ұзамай, әнші сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылған. Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген. 

11 сәуір күні әнші сотта ақталып шықты. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар