ҚР Халық артисі, әнші Мақпал Жүнісова бірнеше рет несие жапқан болып шықты. Алайда өнер иесі көпшілікті қарыз алмай өмір сүруге шақырды.
«Менің туысқандарым бар несие алып жатқан. Олар алады, мен жабамын. Бір-екеуінікін төлеп бердім. Сосын алмаңдар деп айттым. Неге несие аласыңдар? Шамаларыңа қарамайсыңдар ма? Алдыңда жейтін нан, шайың болса, киімің бүтін болса, несиені қайтесіңдер? деп ұрыстым. Барға шүкір деу керек. Көлік мініп, той жасаймын, шуба, бриллиант тағамын деп қарызға белшеден батып отырудың қажеті жоқ», - дейді Жүнісова «НТК» арнасынан шығатын «Ревю» бағдарламасында.