Танымал әнші Тоқтар Серіков тізерлеп кешірім сұрап, не үйленуге ұсыныс жасайтын жігіттердің әрекетін сынады. Күні бүгінге дейін әнші Бейбіт Сейдуалиеваның алдында айыпты болса да кешірім сұрамаған екен.
«Өмірі жеңгеңнің алдында тіземді бүгіп, дүние беріп, гүл сыйлап көрмеппін. Жеңгеңнің алдында менің қателіктерім көп болған. Жас кезімде. Жеңгең әлі күнге дейін ер-азамат сияқты бір кешірім де сұрамадың дейді.
Мен қателігімді кешірші деп кешірім де сұрап көрмеппін. Ол тік мінездік емес, еркекке тән қасиет болу керек. Әркім әйеліне қарап жасайды. Мысалы, менің әйелім менің еркелігімді де, қателігімді де түсіне білді», - деді Серіков «Астана» телеарнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында.