Мәдениет & Шоубиз 06.05.2019 сағат 06:31  197

«Жата салу әдетке айналмаса екен»: Мақпал Жүнісова ашық-шашық киінетін жұлдыздар туралы айтты

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова сахна мәдениетіне жатпайтын қылық көрсетіп, жартылай жалаңаш жүретін жұлдыздарды сынның астына алды, деп хабарлайды Stan.kz  «НІТ ТV» арнасына сілтеме жасап.

«Жата салу әдетке айналмаса екен»: Мақпал Жүнісова ашық-шашық киінетін жұлдыздар туралы айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өнер иесінің айтуынша, шешініп, құшақтасып, барын көрсетіп шығатын әншілер өнерді түсіне қоймаған. Мақпал ханым бұл нәрсе әдетке айналып кетпесе екен деп қорқатынын айтты.

«Қазір барлығы төсекте жатып, шешініп тастап, құшақтасып, сүйісіп, қалғанның барлығын көрсетіп шықты. Енді оның бәрі ұят нәрсе. Оны өнер деп мен санамаймын. Шешініп тастап, барлығын көрсетіп, халықтың алдына шығу ол өнерге жатпайды. Сен халықты қаратқың келсе, әніңмен, өнеріңмен қарат. Түсіндіңіз бе? Ал мынаның бәрін шешіп тастап, жата салу, шеше салу ол әдетке айналып кетпесе болар еді», - дейді әнші.

Кәмшат Жолдыбаева мен Жанар Дұғалованы тексіз, тәрбие көрмеген, арсыздар деп айыптады Жүнісова. Біртіндеп ондай әншілерді сахнадан алыстату керек екені және осы мәселені қолға алатынын жасырмады.

«Кәмшат Жолдыбаевадан бастау керек», «Камшаттан басқа ешкім әуретті жерін көрсетіп жүрген жоқ. Жанар Дұғаловамен олар жетімдер үйінен бе? Осы әке-шешесі, ағайын – бауыры бар ма екен? Текті ұрпақтың ішіне кірмейді-ау»,«Кәмшатты сахнадан қуу керек шошаңдата бермей», «Кәмшат Жолдыбаеваға осы сөзді айту керек», - деді желі қолданушылары.

 

 

 

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар