Танымал тележүргізуші Мақсат Толықбай өзінің Instagram-парақшасында Кәмшат Жолдыбаеваның "Caramel" атты жаңа клипін отбасымен көруге ұялатынын айтып, сынға алды.
«Кәмшаттың клипі шыға келгенде, қасыңда отырған бала-шағаң мен шешеңнен ұяласың. Қырсыққанда, ондай кезде теледидардың пульті де табылмай кетеді ғой! Бұл да бір бояушы бояушы деген сайын", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары да тележүргізушіні құптап, Кәмшаттың қазақ қызына тән емес ерсі қылықтарын сынның астына алды.