$ 448.89  477.93  4.76

Белгілі композитор көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

Белгілі  композитор Еркеш Шәкеев көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларына арнап авторлық кешін өткізді.

«Бұл кешті өткізу туралы ой былтыр Лондонның  Кадоган Холлында шығармашылық кешімнен кейін  келген еді. Тыңдармандарымның сұранысы үшін жақын аралықта өткізермін деген ой бар еді», -дейді  композитор өзінің әлеуметтік парақшасында.

Осылайша жеке концертіне қатысты жоспарларын ортаға салып, жаңа әндер жазылып жатқанда кенеттен келген суыт хабар оның жоспарын өзгертеді.

«Астанадағы бес бірдей бүлдіршіннің өлімінен кейін кеш өткізу туралы жоспарым кейінге қалды. Бірақ жақын жолдастарыммен ақылдаса келе кешімді арнайы осындай жандар үшін өткізуді ойладым. Өйткені мен де жағдайы төмен отбасынан шыққанмын»,-деп танымал композитор Еркеш Шәкеев авторлық кешінде көп балалы отбасына жиҺазымен  төрт бөлмелі пәтер кілтін тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Еркеш Шакеев