$ 494.87  520.65  4.91

Жанар Хамитованың екінші мәрте тұрмыс құратыны рас па? (ВИДЕО)

Жақында ғана «Арнау» тобының бұрынғы мүшесі Жанар Хамитова 11 жылдан кейін сахнаға оралып, өзінің беймәлім өмірін жалпақ жұртқа жария еткен болатын. «Ревю» бағдарламасында берген сұхбатында әнші екінші мәрте тұрмыс құрғысы келетінін мәлімдеді.

«Екінші рет тұрмыс құру жоспарымда бар. Қазір дайынмын. Бірақ, сөз салушылар өте көп, бәрі әдемі, біреуін таңдау маған қиын болып тұр»,-деген Жанар Хамитова бірінші некеден туған қос құлыншағының әкесінің қолында екенін жасырмай айтты. 

Ал, ажырасқаннан кейін қиындыққа тап болған өнер иесіне қолдау көрсеткен белгілі әнші Сиви Махмуди Жанарды құтты жеріне қондыруды өзіне артылған жауапкершіліктей сезінетінін айтты. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары