Отандық эстрадада жүрген танымал әншілер өздеріне күйеуінің қаржылық қолдау көрсететінін жасырмады. Жұбайынан материалдық жәрдемін аямайтын әншілердің өмірлік серігі жайлы "НТК" арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
«Жұлдызды жекпе-жек» жобасының үшінші маусымында бас жүлдені еншілеген Динара Сұлтан үшін өнердегі нәпақасынан гөрі, отбасының бақыты маңызды.
Әнші шығармашылығына қаржылай қолдау көрсететін өзінің жолдасы екенін де көпшіліктен құпия ұстаған емес.
«Шыны керек, мені, жанұямызды қамтып отырған - ол біздің отағасы, жан жолдасым. Үйдің отағасы болғаннан кейін сол әкемізге қараймыз. Иә, шығармашылықты да, бүкілін де қолдайды», - деді Динара Сұлтан.
Зарина Омарова да күйеуінің өзіне материалдық жәрдемін аямайтынын айтты.
«Барлық жағынан қолдап, материалдық жағынан да бәрін істеп жатқан менің жолдасым. «Сенің жолдасың ретінде сені қолдап, қорғап жүремін. Бірақ сен өз жұмысыңды өзің тындыра бер» дейді», - деп ағынан жарылды Зарина Омарова.
Шоу-бизнестің жігіттері де әнші келіншектеріне көмек қолын созуда сараңдық танытпайтынын жеткізді.
Актер Бауыржан Сатов та әйелі Альбинаның шығармашылығы дегенде шығар жаны бөлек екенін айтып берді.
«Көбісі «Бауыржан продюсер болып кеткен бе» деп айтады. Жоқ, мен жай ғана келіншегімді қолдап, қасында көмектесіп жүрмін. Қолдап, қолпаштап жүргендіктен, көбісіне продюсер ретінде көрініп қалатын шығармын», - дейді Бауыржан Сатов.