17.05.2019, 05:38

Қызын туған күнімен құттықтаған Айқын елдің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Әнші Instagram-парақшасында қызын туған күнімен құттықтаған видеосын жариялады. Эстрада жұлдызы қызына гүл, шар, қонжық сыйлап, тосын сый жасады.

«Асылым, алтыным менің.Тәтті қызым, туған күніңмен!» - деп жазды Айқын Төлепберген.

Бейнежазбада Айқынның фототүсірілім туралы айтқандары да бар. Үнемі күліп жүретін әншінің бірінші әйелінен туған қызы түсірілім барысында күлмей қойған сыңайлы. Екі мәрте шаңырақ құрған Айқын осылайша көңілді отбасылық отырыстың видеосымен бөлісті.

«Өмірімізде бір рет фототүсірілім жасап едік, қызымыз жылап. Үнемі күліп жүретін қыз, қырсығып қалды, әрең түсті, бәріне ұрысып. Ей, жаман қыз. Жөндеп түспейсің бе суретке», - деді Айқын.